今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Көктайғақ: ШҚО-да бірқатар тасжол жабылды

17 一月 2022 05:35

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ауа райы қолайсыздығына байланысты бірқатар тасжол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда қатты жел мен көктайғаққа байланысты өңірдегі бірқатар жолда көлік қозғалысына тыйым салынды.

«Нақты айтқанда, республикалық маңызы бар «Павлодар-Семей», «Өскемен-Серебрянск», «Семей-РФ шекарасы» тасжолдары және облыстық маңыздағы «Семей-Курчатов», «Семей-Долон», «Үлкен Владимировка-Сосновка-Қоянбай», «Өскемен-Тарғын-Самар», «Өскемен-Горная Улбинка-Северное» тасжолдары жабылды», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, ТЖД мамандары өңір жұртшылығына алыс жолға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымша арқылы біліп отыруға кеңес берді.

回到顶部