今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кибербуллинг заң жүзінде тоқтатылуы қажет – Ақпарат министрі

16 九月 2021 15:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева XVII Еуразиялық медиа форумда кибербуллингге қарсы күрес туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интернеттің белсенді дамуымен бірге әлем кибербуллинг проблемасына да тап болды. Кез келген қудалау сияқты, кибербуллинг те – заң жүзінде тоқтатылуы қажет агрессияның бір түрі. Әрине, министрлік бұл бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр. Біз әлеуметтік желілердің ішкі ережелерін құрметтейміз. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін заңға қайшы контент ашық қолжетімдікте болмауы тиіс деп санаймыз. БҰҰ қарарымен қабылданған адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының кіріспесі дәл осы құндылықтардан басталады», - деді министр форумның «Пандемия әлемді қалай өзгертті және жаһандық өмір сүрудің жаңа бағыттарын қалай анықтады?» сессиясында.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда XVII Еуразиялық медиа форумның жұмысы ресми түрде ашылды. Форум 17 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі пандемияның қоғамға қалай ықпал еткенін айтқан еді.



回到顶部