今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

4 十二月 2021 15:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі бес облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

5 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі.

5 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, орталығында тұман, көктайғақ болады. Жезқазғанда тұман, көктайғақ.

5 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с.

Күндіз 5 желтоқсанда Ақмола облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

5 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.


回到顶部