今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде бастапқы кездесулерін сәтті өткізді

24 五月 2022 22:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінде бастапқы кездесулерін сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Франция ашық чемпионатында Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы А.Голубев корт иесі Фабрис Мартенмен бірге алғашқы айналымда аргентиналық Себастьян Баэс – бразилиялық Фелипе Мелигени Алвеспен ойнады.

Бір сағат 21 минутқа созылған матчта қазақстандық-франциялық жұп 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Олар 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдалана алды.

А.Голубев пен Ф.Мартен 1/16 финалда үндістандық Рохан Бопанна – нидерландылық Матве Мидделкоппен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 37-ракеткасы Юлия Путинцева жекелей сында бірінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 112-орында тұрған, негізгі жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған румыниялық Ирина Барамен кездесті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Ю.Путинцева эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың бесеуін құр жіберген жоқ.

Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 30-ракеткасы, италиялық Камила Джорджи немесе рейтингіде 41-сатыдағы қытайлық Чжан Шуайдың біреуімен кортқа шығады.

Осылайша, бүгін Франция ашық чемпионатында қазақстандық теннисшілердің бәрі де кездесулерін жеңіспен аяқтады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастағанын, Елена Рыбакинаның екінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.


回到顶部