今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық теннисші Франциядағы жарыстың финалына шыға алмады

20 五月 2022 19:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Лион (Франция) ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге жартылай финалда осы жарыстың екінші ракеткалары, аргентиналық Максимо Гонсалес - бразилиялық Марсело Меломен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-пәкістандық жұп 5:7, 4:6 есебімен есе жіберді.

Енді А.Недовесов 22 мамырда басталатын Ролан Гаррос турнирінде жұптық сында өнер көрсетеді.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер жұптық сында Шымкент челленджер додасында да финалға шыға алмады.

Бейбіт Жукаев ресейлік Алибек Качмазовпен бірге жартылай финалда өзбекстандық Санжар Файзиев - грекиялық Маркос Каловелониспен кездесті.

Тартысты өткен бәсекеде қазақстандық-ресейлік жұпқа сәл-пәл сәттілік жетіспеді - 7:5, 6:7 (5:7), 5:10.

Тағы бір қазақстандық Григорий Ломакин ресейлік Ян Бондаревскиймен бірге жапониялық Каичи Учида - даниялық Микаэль Торпегаардтан жеңіліс тапты - 4:6, 1:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гаррос турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.


回到顶部