今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік акция басталды

25 十一月 2021 12:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді акциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір елордада «Қазақстандағы отбасы институты және отбасы саясаты: мәселелері, үрдістері мен келешегі» атты халықаралық конференция өтіп жатыр.

«Қоғамдағы зорлық-зомбылықты жою тақырыбы өзекті болып қала береді. Өкінішке қарай, әйелдер мен балалардың зорлық-зомбылықтың құрбаны болған фактілер туралы жиі естиміз. Осы орайда бүгінде қоғамдағы теріс құбылысты жоюға қатысты нақты шаралар қабылданып жатыр. Мемлекет басшысы елімізде отбасын қорғау мен қолдаудың тұтас жүйесін құру және зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру қажеттігін үнемі айтады. Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің депутаттары Қазақстандағы Отбасы институтын нығайту туралы заң жобасын әзірледі. Онда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты кешенді шаралар қаралған», - деді ҚР Президентің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Лаззат Рамазанова.

Аталған шара аясында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік әрекет» халықаралық науқаны шеңберінде Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі өкілі Эльвира Әзімова мен ҚР Ішкі істер вице-министрі Мұрат Баймұқашев бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Сондай-ақ жоспар аясында елімізде зорлық көрсетуге қарсы 16 күндік акция басталды.


























回到顶部