今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда жыл басынан бері 109 бала суға кеткен

29 七月 2021 14:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері 312 адамның ажалы судан келген. Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов орталық коммуникациялар қызметінде осындай қайғылы статистика келтірді, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТЖМ өкілінің айтуынша, биыл су айдындарында 214 адам, оның ішінде 43 бала құтқарылған. Сол құтқарылғандардың ішінде 41 адам белгіленбеген орындарда шомылу кезінде қауіпке тап болған.

«27 шілдедегі жағдай бойынша биыл су айдындарында 312 адам өлімі тіркелді. Оның ішінде –109 бала. 2020 жылдың осы кезеңінде суға кеткендердің саны 296, оның 83-і бала болған еді. Демек, жыл басынан бері адам өлімі 5% өсті. Ал бала өлімі тіпті 31% жиілеген», - деді Бауыржан Сыздықов.

Оның айтуынша, аталған 312 қайғылы оқиғаның 233-і шомылу маусымы басталғаннан бері тіркелген. Оның ішінде 70 бала суға батқан.

«Шомылу маусымында адамдардың қаза болуы 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18% ұлғайды, балалардың қаза болуы 21% артты», - деді Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы.


回到顶部