今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда шомылуға рұқсат етілген орындардың тізімін қайдан көруге болады

29 七月 2021 13:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағындағы шомылуға тыйым салынған және рұқсат етілген орындардың тізімін 2GIS картографиялық платформасынан көруге болады, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, су айдандарының қай бөлігінде суға шомылу рұқса етілгенін интернеттен 2GIS платформасына кіріп-ақ білуге болады.

«2GIS картографиялық платформасында еліміздің барлық өңірлерінде су айдындарында шомылуға тыйым салынған және рұқсат етілген орындар туралы деректер орналастырылған. Әкімдіктердің сайттарында да осындай жұмыстар жүргізілді, БАҚ құралдары арқылы шомылу үшін қауіпті, тыйым салынған орындар туралы деректер мерзімді түрде орналастырылады», - деді комитет басшысы орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингіде.

Бауыржан Сыздықов шомылу басусымы басталған кезден бері құтқарушылардың 4,6 мыңнан астам баланы жүзуге үйреткенін айтады.

«Қалалық жағажайларда шомылуға арналған қауіпсіз балалар жағажайлары (таяз сулар) жабдықталған. Онда құтқарушылар шомылу маусымының барлық кезеңінде балаларды жүзу дағдыларына үйрету бойынша жұмыс жүргізеді. Бүгінге дейні 4 625 бала қамтылды», - дейді ТЖМ өкілі.


回到顶部