今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда салықтық бақылау жүйесіне жасанды интеллект қолданылмақ

26 十月 2021 14:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда салықтық бақылау жүргізуді іріктеу үшін жасанды интеллект қолданылмақ. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Ануар Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Салықтық тексерулер сияқты превентивті бақылау іс-шаралармен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті іс жүзінде салық салынатын базаны – ірі салық төлеушілерді мониторингтеуді айқындау мақсатында қаржы-шаруашылық қызметке талдауды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта мониторинг Салық кодексінің 132-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Онда алдын ала жүргізілген талдау бойынша алшақтықтар анықталған жағдайда салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын растайтын құжаттарды ұсыну туралы талап қойылады», - деді департамент директоры Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, одан кейін бұзушылықтар анықталған жағдайда ірі салық төлеушіге жазбаша түсіндірме беру құқығы беріліп, осындай бұзушылықтар туралы хабарланады. Ұсынылған түсіндірмемен келіспеген жағдайда ғана мемлекеттік кірістер органы уәждемелі шешім шығарады және белгіленген бұзушылықтар мәселесі бойынша салықтық тексеруді тағайындайды.

«2021 жылы ірі салық төлеушілердің мониторингін оңтайландыру үшін ең үлкен тәуекелдері бар ірі салық төлеушілердің нысаналы топтары айқындалды. Мәселен, салықтық мониторинг аясында 17 талап қойылды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде салықтық түсімдер 42,3 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылға қарағанда 35,5 млрд теңгеге артық. Қазіргі уақытта комитет фискалдық әкімшілендіруді цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Салықтық бақылау жүргізуге іріктеу үшін жасанды интеллект қолдана отырып құрылған тәуекелдерді бағалау жүйесінің талдамасы негіз болады», - деді Ануар Сүлейменов.


回到顶部