今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда отбасылық жанжалқойларға қандай жаза қарастырылған

25 十一月 2021 12:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев елімізде отбасылық жанжал шығарып, зорлық көрсеткен адамдарға қандай жаза түрлері қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз әйелдер мен балаларды қорғау үшін жүйелі шаралар қабылдап жатырмыз. 2009 жылы қабылданған заңға қолдану практикасы мен ағымдағы жағдайды ескере отырып, түзетулер мен өзгерістер енгізілді. Яғни, заң үнемі жаңартылып отырады. Полиция қызметкерлерінің өкілеттілігі де кеңейтілді. Осы тұста отбасылық құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларға қатысты жауапкершілік күшейтілді», - деді Мұрат Баймұқашев елордада өтіп жатқан «Қазақстандағы отбасы және отбасылық саясат институты: мәселелер, үрдістер мен келешегі» атты халықаралық конференцияда.

Оның айтуынша, ендігі уақытта полиция қызметкері тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіп, отбасылық жанжал шығарған адамды жәбірленушіге жақындатпауға, тіпті телефонмен сөйлесуге де тыйым салуға құқылы.

«Бұл шектеудің қолданылу мерзімі 1 ай. Ол арнайы қорғау нұсқамасы ретінде ресімделеді. Егер тыйым мен шектеуді бұзған жағдайда 5 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Сонымен қатар тұрмыстық жанжал барысында ұрып-соғу немесе жеңіл дене жарақаты болғаны анықталса, онда айыпты 10 немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады», - дейді ол.

Сондай-ақ, министр орынбасары егер жәбір көруші негізгі арыздан бөлек, өзін қорғау мақсатында қосымша өтініш, талап білдірсе, ондай жағдайда айыптыға жаза қатаңдай түсетінін айтты.

«Атап айтқанда, айыптыға қаруды сақтау мен алып жүруге немесе үйде алкоголь ішуге тыйым салынуы мүмкін. Егер айыпты бөлек үйде тұрса, онда сот азаматты 10 күн ішінде босатуға құқылы. Бұл тыйымдардың қолданылу мерзімі үш айдан бір жылға дейін болуы мүмкін. Және тәртіп бұзушының мінез-құлқы қадағалауға алынып, ол учаскелік полиция инспекторының профилактикалық есебіне алынып, бақылауына қойылады», - деп түйіндеді М.Баймұқашев.


回到顶部