今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда коронавируспен сырқаттанушылық 2,8 есеге төмендеді

30 十一月 2021 09:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда соңғы айда коронавируспен сырқаттанушылық 2,8 есеге төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемде КВИ-дің 261 млн астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 300 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 5 миллионнан астам адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде сырқаттанудың өсу тенденциясы әлі де жалғасуда. Республикада ПТР тесттің оң нәтижесімен коронавурс инфекциясының 971 541 жағдайы, және ПТР теріс нәтижесімен 82 550 жағдай тіркелген, науқастардың 95%-дан астамы емделіп шықты», - деді бірінші вице-министр.

Оның атап өтуінше, республика бойнша вирустың Репродуктивтік саны 0,91 құрайды және тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендеу байқалады.

«Бүгінгі күні «қызыл» аймақта Солтүстік Қазақстан облысы қалып отыр. 5 өңір – Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар және Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта тұр. Қазақстан Республикасы және қалған 11 «өңір» жасыл аймақта орналасқан. Жалпы Қазақстанда соңғы айда сырқаттанушылық 2,8 есеге, стационарлық науқастар 1,5 есеге, амбулаториялық науқастар 2,0 есеге төмендеді», - деді Марат Шоранов.


回到顶部