今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 16,1 млн тонна астық бастырылды - АШМ

22 十月 2021 16:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 22 қазандағы жағдай бойынша елімізде 15,8 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе жалпы жинау алаңының 99,7 пайызы жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Орташа өнімділік гектарына 10,2 центнерді құрап, 16,1 млн тонна өнім бастырылды, оның 11,8 млн тоннасы бидай.Сондай-ақ 1,6 млн тонна майлы дақылдар, 3,8 млн тонна картоп, 4,6 млн тонна көкөніс дақылдары, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінде .

Негізгі астық егетін өңірлер - Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 11,6 млн гектар жиналды, бұл олардың жалпы жинау алаңының 100 пайызын құрады. Орташа өнімділік 8,8 центнерге жетіп, 10,1 млн тонна бастырылды.

«Егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 396,5 мың тонна жеңілдетілген бағадағы дизель отыны бөлінді. Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыс операторларын МӨЗ-ге бекіту кестесі жасалды. 2021 жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша шілде-қазан айларының кестесіндегі 396,5 мың тоннаның 370,1 мың тоннасы (93%) тиелді», - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Республикадағы астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 29,4 млн тонна, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 12,8 млн тонна, ауыл шаруашылығы өндірушілерінде 16,6 млн тонна. 15 қазандағы жағдай бойынша 3,5 млн тонна астық сақтауға жөнелтілді.

«Жалпы егін жинау болжанған көлемде аяқталды. Жиналған дақыл сапасының жоғары көрсеткіштерін атап өткен жөн. Ауыл шаруашылығы министрлігінің есептеуі бойынша қалған көлем қазан айының соңына дейін жиналады», - делінген министрлік хабарламасында.


回到顶部