今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Қазақстан темір жолы» ғимаратынан бомба табылған жоқ – полиция

18 五月 2022 22:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ғимаратынан жарылғыш зат табылмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін полицияның «102» арнасына «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясынан шұғыл хабар түсті. Оған сенсек, акционерлік қоғамның электронды поштасына белгісіз біреуден ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хат келген. Арнайы қызметтің көмегіне ғимараттағы адамдар эвакуацияланды. Тексеру барысында ақпарат расталмады. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ», - делінген хабарламада.

Департамент берген ақпаратқа сәйкес, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жедел-іздестіру шарасы жүріп жатыр. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жарылғыш зат туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Азаматтардан үрей туғызбауды және мессенджерге жалған хабарлама жібермеуін сұраймыз», - дейді аталған ведомстводан.

Айта кетейік, бүгін кешкісін белгісіз біреу ҚТЖ ғимаратына бомба қойылғанын хабарлаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында жарылғыш зат туралы ақпаратқа байланысты сауда орталығынан адамдар эвакуацияланған еді.

Кейін Ішкі істер министрлгі жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама бірнеше қаладан келіп түскенін хабарлады.


回到顶部