今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Тәжікстанға әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялады

2 十二月 2021 17:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Аталған келісім 2021 жылғы 12 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында жасалды.

«Келісімге сәйкес Тәжікстан тарапы Қазақстаннан берілетін әскери мүлікті тек тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолдануға және оларды үшінші тарапқа бермеуге міндеттенеді», - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев 25 қарашада Сенаттың жалпы отырысында.


回到顶部