今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан сейсмологтары Қытай аумағында болған екі жер сілкінісін тіркеді

24 七月 2021 02:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі соңғы екі сағатта 2 бірдей жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның бірі Алматы уақытымен 23 шілде күні 23 сағат 44 минут 23 секундта болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 538 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.5, тербелісі – 4.1.

Жерасты дүмпуі 5 шақырым тереңде болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Ал екінші дүмпу 24 шілде Алматы уақытымен 01 сағат 44 минут 9 секундта тіркелді. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 561 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.5, тербелісі – 4.3.

Жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңде болған.

Төтенше жағдай Алматы қаласында сезілген жоқ.

回到顶部