今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Мажарстанға «Будапешт – Алматы – Будапешт» әуе рейсін ашуды ұсынды

26 十月 2021 15:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Мажарстан үкіметіне Алматы мен Будапешт арасында әуе рейсін ашуды ұсынды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр қыркүйекте Нұр-Сұлтан мен Будапешт арасындағы тұрақты әуе қатынас қалпына келтірілгенін еске салды. Рейстерді «WizzAir» мажар әуе компаниясы орындайды.

«Жақында Үкімет шешімімен рейстердің жиілігі аптасына екі рейске дейін арттырылды. Осыған орай, мажар тарапына екінші рейсті Будапешт – Алматы – Будапешт бағыты бойынша іске қосуды ұсындық. Бүгінгі таңда еліміздің 800-ден астам азаматы Мажарстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуда. «Стипендиум Хунгарикум» мажар білім беру бағдарламасы шеңберінде мажар тілінде оқуға қызығушылық танытқан студенттер саны артып келетінін атап өту қажет», - деді Сыртқы істер министрі.




Оның айтуынша, келіссөздер қорытындысы бойынша Стратегиялық кеңестің 5-ші отырысының хаттамасын қабылданған.

«Михай Варга мырзаның сапары және бүгінгі келіссөздеріміздің қорытындылары екі ел арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы серіктестік қарым-қатынастарды тереңдетуге қосымша серпін береді деп сенемін», - деді Мұхтар Тілеуберді.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Михай Варгамен кездесті. Министр қос мемлекет арасындағы саяси диалог жоғары деңгейде екенін, Қазақстан мен Мажарстан бір-бірінің халықаралық аренадағы бастамалары мен күш-жігерін қолдап келе жатқанын айтқан еді.


回到顶部