今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Елшісі Сербия Президентімен кездесті

22 六月 2021 22:06

БЕЛГРАД. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Президенті Александар Вучичпен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Әңгіме барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін, сондай-ақ жоғары және жоғары деңгейдегі өзара сапарларды талқылады.

А. Вучич Қазақстан мен Сербияның қарым-қатынастарының өзекті ахуалына жоғары баға беріп, оларды жан-жақты нығайтуға мүдделі екендігін мәлімдеді және Нұр-Сұлтанға Сербияның аумақтық тұтастығы мен егемендігі мәселесінде ұдайы қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.




Президент Қазақстан Елшілігінің екі ел арасындағы түрлі салалардағы өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың нормативтік базасын кеңейтуге бағытталған күш-жігерін атап өтті. Атап айтқанда, қазіргі уақытта 9 құжаттың жобалары қол қоюға дайын.

Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылды. Сондай-ақ, кездесу барысында ұлттық экономикалардың өсуінен кейінгі кезеңде қалпына келтіру тақырыбына ерекше назар аударылды.





回到顶部