今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Ауғанстан әйелдеріне транзиттік дәліз ұсынды

26 十月 2021 16:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан Ауғанстан әйелдері үшін транзиттік дәліз ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, үшінші елдерге ұшып шығу үшін транзиттік дәліз Алматы әуежайы арқылы ұйымдастырылған және бұл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен іске асырылды.

«Қазақстан Республикасының гуманитарлық саладағы халықаралық міндеттемелеріне бейілділігін негізге ала отырып, Мемлекет басшысы ауған әйел судьялары мен парламентшілері және олардың отбасы мүшелері үшін транзиттік дәліз беру туралы шешім қабылдады.

Транзит үшінші елдерге одан әрі ұшу үшін Алматы қаласының әуежайы арқылы халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта жүзеге асырылды», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.


回到顶部