今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақ-орыс шекарасында ПТР анықтамасы жоқ 4 шетелдік елге кіргізілмеді

18 十月 2021 17:56

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Тәулік ішінде шекарадан 674 адам өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы тәулікте шекарадан 674 адам өткен, соның ішінде 409-ы - жаяу азамат, ал 286 адам – фура жүргізушілері. Карантин стационарына бес қазақстандық азамат жатқызылған, көлік өткелдерінде коронавирус инфекциясының расталған оқиғалары тіркелген жоқ», - деп хабарлады Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен.

Сонымен қатар, тәулік ішінде ТМД-ның төрт азаматына: бір ресейлік, екі өзбекстандық және бір қырғызстандық азаматқа елге кіруге рұқсат етілмеген.

Олар мемлекеттік шекарада ПТР анықтамасын ұсынбаған, осы себепті елге кіргізілмеді.

Еске сала кетсек, өткен аптада Қазақстанға Павлодар облысындағы мемлекеттік шекарадан осы себеппен Ресейдің екі азаматы мен бір өзбекстандық жіберілмеген.


回到顶部