今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

23 六月 2021 19:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 19-20 мамырда Душанбеге жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырды.

Екі елдің көшбасшылары өзара сауда-саттықты ұлғайту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және инфрақұрылым салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында үкіметтердің уақытылы әрі тиімді іс-қимылдарының маңызды екенін айтты.

Эмомали Рахмон Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.

Мемлекет басшылары Ауғанстандағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Тараптар екіжақты форматта да, көпжақты құрылымдар аясында да, соның ішінде, әскери-саяси сипаттағы бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екенін атап өтті.

Сондай-ақ алдағы кездесулер кестесі талқыланды.


回到顶部