今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Каспий» ФК маусымның соңына дейін өз алаңында көрерменсіз ойнайды

24 九月 2021 19:31

АҚТАУ. ҚазАқпарат – «Каспий» футбол клубын «Астанамен» өткен матчта жанкүйерлерінің тәртіпсізігі үшін жазалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан футбол федерациясының бақылау-тәртіптік комитетінің шешімімен ойынның қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жанкүйерлердің қарсылас команданың ойыншыларына бөтелке лақтырғаны және көрермендердің алаңға шыққаны үшін жазаланды. Салдарынан «Каспий» ФК ағымдағы футбол маусымының соңына дейін өз алаңындағы ойындарын көрерменсіз өткізеді.

Айта кетейік, Ақтаудағы «Каспий» командасы мен «Астана» ФК арасындағы Қазақстан Кубогының 1/4 финалы кезеңіндегі кездесу соңы келеңсіз оқиғамен аяқталды. Елордалық клуб жартылай финалға шығып, қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Ойынның нәтижесі жергілікті жанкүйерлердің наразылығын тудырды. Нәтижесінде олар жеңімпаздарға бөтелке, басқа да заттар лақтыра бастады. Матч аяқталғаннан кейін «Каспий» ФК жанкүйерлері стадион аумағына жиналып, «Астана» ФК автобусының өтуіне кедергі жасауға тырысты.


回到顶部