今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарқаралы ауданының еріктілері Шайтанкөл жағасын қоқыстан тазартты

28 七月 2021 18:03

ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқпарат – Шайтанкөл көлінің жағалау аумағын тазарту бойынша акция аудандық ішкі саясат бөлімі мен Қарқаралы жастар ресурстық орталығының бастамасымен еріктілерді тарта отырып өткізілді.

«Шайтанкөл – Қарқаралы ауданының інжу-маржаны. Жыл сайын көлдің жағасында жүздеген туристер болады. Өкінішке орай, олар көбінесе қоқыс тастап кетеді. Біз мұны көре тұра, қол қусырып отыра алмаймыз. Сондықтан қоқысты өз күшімізбен жинауды жөн көрдік», – дейді еріктілер.

Көлдің жағалау аумағын тазалауға JasStar жасағының еріктілері және «Жасыл ел» жастар жасағының сарбаздары қатысты.

«Еріктілер күшімен көл аумағынан қоқыс шығарылды. Акцияға 15 адам қатысты», – деді Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығының директоры Ерсайын Қобланды.







回到顶部