今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыдағы орталық саябақ көл суының ластануына әкімдік түсінік берді

27 十月 2021 22:42

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылықтар орталық саябақтағы көлге лас су құйылып жатыр деп дабыл қақты. Бұл жағдайға қала әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметттік желіде Қарағандының орталық саябағындағы көлге лас су құйылып жатқаны туралы видео тарады.


Әкімдіктің хабарлауынша, Қарағандыда Солнечная көшесінен «Западная» сорғы станциясына дейін өтетін магистралды су тартқышты пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Магистральдың жалпы ұзындығы 8,4 шақырымды құрайды. Бүгіннен бастап «Қарағанды Су» ЖШС компаниясы жүйені іске қосар алдында технологиялық іс-шараларын, яғни жаңа құбырларды шаю жұмыстарын өткізген. Қала басшылығы магистральды тазартқан суды орталық саябақтың көліне құю туралы шешім қабылдаған.

«Қазіргі уақытта бұл су таратқышты таза ауыз сумен жуып жатыр, Орталық саябақтағы жасанды су қоймасын толтыру үшін осы суды қайта пайдалану туралы шешім қабылданды. Жуу кезінде құбырға қысыммен таза су жіберіледі. Қысымның салдарынан құбырдағы су сарқылып нәтижесінде құм мен сазбен араласқан су қоңыр түске айналады. Ұқсас құбылыс жаңбыр кезінде де пайда болады, топырақ қоспалары бар су ағындары өзендер мен көлдердің суына ағып, түбінде жиналады. Бұл жағдайда құм мен саздың бөлшектері тұнған соң, су таза болады. Саябақтағы су да тұнған соң, көлдің суы тазарады», - деп түсіндірді Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ әкімдік бұл су құбыры көпшілік үшін маңызды екенін атап өтті.



回到顶部