今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарағандыда құс ұясы мен балапандары бар ағаш кесілген

26 五月 2022 08:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағандыда құс ұя салған ағаш кесілген. Ағаш бұтақтарының ұямен бірге кесіліп жатқаны түсірілген кадрлар Instagram желісіндегі ekaraganda.kz парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеодан ағаш діңгегінің жоғарғы бөлігін қалай кесіп жатқанын көруге болады. «Сіз мұны үлкен бір ағаштың бір ғана бұтағы дерсіз. Кесілген бұтақтардың арасында өлі құстар жатыр», - делінген хабарламада.

Видео оқырмандардың ашу-ызасын тудырып, қызу талқылануда. Желі қолданушылары ағашты кескен адамды тасжүрек деп атап, құқық қорғау органы өкілдерін шақырды.




回到顶部