今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда алаяқ әйел шетелдік азаматтарды 7 миллион теңгеге алдаған

26 十月 2021 00:21

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда Әзірбайжан азаматшасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілі ретінде танысып, шетелдіктерді алдағаны белгілі болды. Ол Қазақстанда тұруға ыхтиярхат рәсімдеп беремін деп алдау арқылы, 7миллион теңгеден астам қаражатты қолды қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында Әзірбайжанның 34 жастағы азаматына үкім шығарылды, ол жәбірленушілерге белгілі бір сомада қаражат төлесе, Чехия мен Қазақстан азаматтығын алып беруге уәде берген.

Алаяққа ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша айып тағылды: 190-баптың 3-бөлігінің 1, 4-тармақтары «ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық» және 390-баптың 3-бөлігі «Билiк өкiлеттiктерiн алу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иемденіп алу».

Айта кету керек, әйел осыған дейін де ұқсас заңсыз әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ол 2020 жылдың сәуірінде босатылған.

Іс материалынан белгілі болғандай, өткен жылдың мамыр айында сотталушы әлеуметтік желілер арқылы жәбірленуші М.-мен кездесіп, әңгімелесу барысында ол өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің капитаны ретінде таныстырған және ақшалай сыйақы төлесе, Чехия, Қазақстан азаматтығын және басқа құжаттарды ресімдеуге көмектесуге уәде берген. Бұған қоса жәбірленуші оның құқық қорғау органдарының киімінде түскен фотосына қарап, сенім білдіргенін жеткізген. Ол алаяқ әйелге отбасының барлық мүшелеріне Чехия азаматтығын ресімдеу үшін 2,9 миллион теңге берді. Сонымен қатар айыпталушы тағы үш шетелдікті алдағаны анықталған. Алаяқ оларға Қазақстанда тұруға ықтиярхат ресімдеуге көмектесуге уәде берген. Қаскүнем әйелдің келтірген залалының жалпы сомасы 7 миллион теңгеден асады.

Айыпталушы өз кінәсін мойындап, жәбірленушілерге келтірілген залалды толық өтеген. Алайда сот бұрыңғы қылмыстарын ескеріп, оны 3.9 жылға бас бостандығынан айырды.


回到顶部