今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысының шалғай ауылдарын жылжымалы егу кешені аралайды

23 六月 2021 21:55

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының шалғайдағы елді мекендерінің тұрғындары аудан орталығына бармай-ақ вакцинациядан өте алады. Ауылдарда жылжымалы егу пунктері жұмыс жасайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарқаралы ауданында ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жылжымалы егу кешендерінің жұмысы ұйымдастырылды. Мобильді вакцинация пунктері әрбір елді мекенге қызмет көрсететін болады.

«Өкінішке орай, біздің ауданда вакцинация көрсеткіштері жақсы емес. Сонымен қатар, жұқтыру қаупі әлі де жоғары. Біз аудан тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, екпе алуға шақырамыз. Бұрын олар Қарқаралы және Егіндібұлақ ауруханалары жанынан ашылған екі пункте ғана егілетін. Қазір біз адамдар жұмыстан және үйден қол үзбей вакцинаны алу үшін екі жылжымалы егу кешенінің жұмысын ұйымдастырдық», – деп атап өтті Қарқаралы ауданының әкімдігінде.








Жылжымалы вакцинация пунктері күн сайын қоғамдық орындарда жұмыс істейді. Сондай-ақ, вакциналанғандар үшін акция іске қосылды: екпе алғандарға азық-түлік сатып алуға сертификаттар беріледі.

«Вакцинация пунктерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Дәрігерлер тұрғындардың сұрақтарына жауап беруге дайын және екпе жасамас бұрын бәрін міндетті түрде тексереді. Бірінші кезекте олар бүкіл Қарқаралыны аралап, кейін шалғай ауылдарға аттанады», – деп толықтырды жергілікті әкімдікте.





回到顶部