今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарағанды облысының 41 мың тұрғыны жұмыспен қамту шараларымен қамтылады

18 一月 2022 03:41

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында биыл Ұлттық жобалар аясында 25 148 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларымен өңірдің 41 мың тұрғыны қамтылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 721 түлек жұмысқа орналасса, 2 959 адам қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сондай-ақ, өңірде халықтың осал топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылады. Барлығы 300 адам жұмысқа орналасады. Алғашқы жұмыс орны 238 үміткерге ұсынылмақ.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы жұмыс істейді. Бұл зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген қызметкерді кейіннен ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыру. Осы жоба аясында өңірде биыл 34 адам жұмысқа орналасады. Зейнет жасына дейінгі адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» жобасын енгізу 534 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өңірде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жастар арасында конкурстық негізде гранттар ойнатылды. Барлығы 755 грант қарастырылған», – деп атап өтті жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Төлеу Мұхтар.

Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру үшін 1 250 адамды бизнес негіздеріне оқыту жоспарлануда, 433 микрокредит берілетін болады. Бүгінгі таңда электрондық еңбек биржасында 4 188 бос жұмыс орны орналастырылған.

«Бос жұмыс орындарын таңдау үшін жұмыссыз өзі Enbek.kz порталына кіре алады немесе қалалар мен аудандардың халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы немесе кенттер мен ауылдық округтердің әкімдіктерінен бос орындар туралы ақпарат алу керек», – деп қосты спикер.

回到顶部