今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарағанды облысында 400-ден астам тұрмысы нашар отбасы тексерілді

16 五月 2022 23:06

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында тұрмысы төмен отбасыларды тексеруге арналған «Қамқор» кең ауқымды рейд өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тексеру 400-ден астам отбасына жүргізілді. Балаларды қанау немесе оларға қиянат жасау фактілері анықталған жоқ.

Рейдке 885 адам қатысты. Топ құрамына кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшылары мен мүшелері, әкімдіктердің, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт басқармалары мен бөлімдерінің, ішкі істер және төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері, жастар және қоғамдық ұйымдардың, БАҚ, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері кірді.

Рейдтерге қатысушылар саяжайларды, фермерлік шаруашылықтарды, тұрғын үйлердің жертөлелері мен шатырларын, базарларды, теміржол және автобус вокзалдарын, автожуу кешендерін тексерді.

Кәмелетке толмағандардың өмір сүру жағдайларын анықтай отырып, топ өкілдері ата-аналармен ішімдік ішудің алдын алуға, ата-ана міндеттерін тиісті түрде орындауға және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігіне бағытталған әңгімелер өткізді.

Рейд қорытындысы облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында қаралады.














回到顶部