今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қара теңізде 700 тонна мазут тиелген танкердің бортынан өрт шықты

23 一月 2022 15:48

СОЧИ/СИМФЕРОПОЛЬ. ТАСС -ҚазАқпарат - Өрт 700 тонна мазут тиелген Комор аралдарының жалауы бар «Almuntazah» танкерінің машина залынан шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Almuntazah кемесі Тамань портындағы жағадан 1,2 миль қашықтықтағы тұрақта тұрған.

«Бортта 700 тонна мазут бар», - делінген агенттік хабарламасында.

«Ашық от жоқ, бірақ апаттық жағдайдағы желдету саңылауларынан қара түтін пайда болды».

Танкердің экипажында қазір буксирмен шығарылған жеті ресейлік азамат бар, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

«Біз «Меркурий» буксирін апаттық кемеге қарай бағыттадық, бірақ әзірге кеме иесі де, капитан да көмек сұраған жоқ. Теңіздегі құтқару күштері бақылауда», - деп қосты Росморречфлот өкілі.

Танкерде өрт шыққан Қара теңізде су ластануының іздері жоқ, деп хабарлады ТАСС агенттігіне Росморречфлоттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Керчь бұғазында тасымалдауға ешқандай кедергі жоқ екені айтылды.


关键词: Оқиға, Әлем, Ресей,
回到顶部