今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Канело» Головкинге шарт қойды

8 五月 2021 21:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексикалық боксшы Сауль Альварес (55-1-2, 37 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге шарт қойды, деп хабрлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Спорт сайтының жазуынша, Головкин Альвареспен үшінші рет кездескісі келсе немесе көптен күткен трилогияның болғанын қаласа, ол супер орта салмаққа көтерілуі керек.

«Мен Головкинмен кездесу үшін мықты боксшылармен, көптеген чемпиондармен айқасқа шықтым, салмағымды да көтердім. Ал Головкинге неге салмағын көтермеске?»-дейді Канело.

Айта кетейік, Головкиннің «Канеломен» бірінші және екінші кездесулері орта салмақта өтті. Бірінші айқас үлкен дау тудырғанымен, тең аяқталды деп шешілді. Екінші жекпе-жекте төрешілер жеңісті Альвареске берді.

«Канело» үніші рет кездесу өткізу мәселесін де қарастыратынын айтты. Ол үшін Головкин өзінің барлық чемпиондық белдіктерін 168 фунт салмаққа қоюы керек.





回到顶部