今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ірі қалалар маңындағы қала тұрғындары демалуға баратын аудандарда карантин күшейтіледі

27 七月 2021 18:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мегаполистер мен ірі қалалар маңындағы қала тұрғындары демалуға баратын аудандарда карантин күшейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларымен шекаралас аудандарда карантин шараларын күшейтілмек. Қазақстан аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай мәселе қаралды.

«Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарының әкімдіктеріне Нұр-Сұлтан (Бурабай, Целиноград, Аршалы аудандары), Алматы (Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары), Шымкент қалаларымен (Сайрам, Төлеби аудандары), Қарағандымен (Теміртау, Шахтинск, Абай) шекаралас аудандарында карантин шараларын күшейту бойынша шаралар қабылдау ұсынылды», делінген хабарламада.


回到顶部