今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Индонезияда Семеру жанартауы атқылады, маңындағы тұрғындар қашып жатыр

4 十二月 2021 18:38

ДЖАКАРТА. ҚазАқпарат – Бүгін сенбіде Индонезияның шығыс Ява аралының шығысындағы Семеру жанартауы атқылап, аспанға түтін мен күл шашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Жанартаудың кенеттен атқылауынан үрейленген тұрғындар өзге елді мекендерге, соның ішінде Лумаджанг ауданы аумағына қашып жатыр.

Елдің табиғи апаттардың салдарын жою агенттігі (BNPB) әзірге ғимараттың зақымдануы немесе құрбан болғандар туралы хабарламады. Ал жергілікті төтенше жағдайларды басқару агенттігі эвакуациялық шатырлар орнатып жатқанын мәлім етті.


关键词: Оқиға, Әлем,
回到顶部