今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Головкин: «Канело» менен қашып, дивизион ауыстырған болуы мүмкін

30 十一月 2021 10:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің ойынша, Сауль «Канело» Альварестің дивизион ауыстыру туралы шешімі оның үшінші рет қазақстандықпен жекпе-жекке шыққысы келмегенімен байланысты болуы мүмкін. Бұл туралы Sport.kz жазады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екеуінің 2018 жылы болған айқасынан кейін мексикалық толығымен екінші орта дивизионды біріктіріп, орташа ауыр салмақтағы титулды жеңіп алды. Енді ол крузервейтке көтерілуді жоспарлап отыр.

- Оның салмақ санатын өзгертуінің басты себебі осы (үшінші жекпе-жектен қашу) демеймін. Алайда бұл нұсқа рас көрінеді. Ол DAZN алдындағы міндеттеріне қарамастан, менімен үшінші рет рингке шыққысы келмеді. Орнына басқа жолды таңдады. Бұл жағдай оның менен қашып жүргенін растайды. Дегенмен оның дивизион ауыстыруының басты себебі — мен деп қатты айтпай-ақ қояйын, - деді Головкин El Paso Times-ке берген сұхбатында.



回到顶部