今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері коронавирус жұқтырды

20 一月 2022 21:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака бүгінгі Еуропа чемпионаты финалдық сатысындағы Словениямен өтетін кездесуіне қатыспайды. Коронавирус жұқтырып алған бапкер құрама ойынын онлайн басқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерацияс ы мәлім етті

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Каканың бүгінгі кездесуге қатыса алмайтыны белгілі болды. Оның міндетін көмекшісі Сергей Коридзе атқарады.

Бас бапкерден бөлек бүгінгі кездесуге бірқатар ойыншылар қатыса алмайды. Дәурен Тұрсағұлов пен Арнольд Кнауб ковид салдарынан ойынға шыға алмайды.

Бас бапкер олардың орнына оқу-жаттығу жиынына толық қатысқан «Атырау» командасының ойыншысы Ерсұлтан Сағындықовты шақырды. Ол келесі кездесуде ғана көмекке келе алады. Шыңғыс Есенаманов пен Альберт Ақбалықовтың да сырқаты бар. Алайда, олар бүгінгі ойынға қатысуы мүмкін.

Қазақстандық футзалшылар бүгін Словениямен шеберлік байқасады. Кездесу елорда уақытымен 22.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, қазақстандық құрама В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Италия, Словения және Финляндия.

Қазақстандық футзалшылар бүгінгі кездессуден кейін 24 қаңтарда Финляндиямен, 28 қаңтарда Италиямен шеберлік байқасады.



回到顶部