今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Жетісу» мен «Ақжайық» тартысты матчта тең тарқасты

18 九月 2021 17:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан чемпионатының 21-турында Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» Оралдың «Ақжайығын» қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнир кестесінде батысқазақстандықтар 28 ұпаймен 6-сатыда келе жатса, небәрі 11 ұпайы бар талдықорғандықтар көш соңында еді.

Өткен турда өз алаңында «Астанаға» есе жіберген оралдықтардың бас бапкері, украиналық маман Владимир Мазяр бұл жолы Иван Антипов пен Владимир Плотниковтың орнына Алексей Чичиков пен Михаил Гащенковтарға сенім артты.




Басқалай өзгеріс жасаған жоқ.

Премьер-лигада қалу үшін алаң иелерінің де барын салатыны түсінікті еді.

Бірінші таймда қарсыластар шабуылдап баққанымен, есеп ашылған жоқ.

Матчтың екінші кезеңі әлдеқайда нәтижелі өрбіді. Алдымен 57-минутта «Жетісу» сапынан Айбар Жақсылықов есеп ашса, 64-минутта «Ақжайықтан» ресейлік Евгений Козлов таразы басын теңестірді.

10 минуттан кейін Рауль Джалилов алаң иелерін тағы да алға шығарғанымен, 80-минутта Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Еркін Тапалов баспен қақпа бұрышын дәл көздеді – 2:2.

Бұдан кейін есеп өзгерген жоқ.

«Ақжайық» келесі кездесуін 25 қыркүйекте өз алаңында Қызылорданың «Қайсарымен» өткізеді. Ал «Жетісу» Ақтөбеге қонаққа барады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықты» жеңген «Астананың» көш басына көтерілгенін жазған болатынбыз.

















Фото: Айбатыр Нұраш


回到顶部