今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан чемпионаты: Бүгін  25-тур ойындары басталады

24 十月 2021 14:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 25-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлық ойындар бүгін, 24 қазанда өткізіледі. Аталған турда жанкүйерлер 15.00-де басталатын «Қайрат» (Алматы) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Тобыл» (Қостанай) мен «Шахтер» (Қарағанды) ойындарына көз тігеді. Қазір «Астана» мен «Тобыл» чемпиондыққа талас жүргізіп келеді. Олардың бірі бүгін сүрінген жағдайда алтын медаль тағдыры шешілуі мүмкін.

Айта кетсек, «Қайрат» биылғы біріншіліктің қола жүлдегері атанды.

Дәл осы уақытта «Тараз» бен «Ордабасы» (Шымкент), «Атырау» мен «Қызылжар» (Петропавл), «Тұран» (Түркістан) мен «Ақтөбе» өзара шеберлік байқасады.

Ал 17.00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Ақжайық» жасыл алаңға шықса, аталған турды 19.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жетісу» (Талдықорған) командалары түйіндейді.

24-тур нәтижесі бойынша 56 ұпаймен «Астана» көш басында келеді. Одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» - 55, «Қайраттың» - 47 ұпайы бар.


回到顶部