今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Францияда 49 жолаушы мінген автобус апатқа ұшырады

16 九月 2021 18:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Францияның Майен департаментіндегі Шанже коммунасында 49 жолаушы, соның ішінде колледж студенттері мінген автобус жолдан шығып кетіп, 20 адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы бейсенбіде BFM телеарнасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департаменттің префектурасы жол апатында басқа көлік құралдары зақымдалмағанын растады. Автобус жолдың шетінде аударылып қалған. Автобус жүргізушісі оқиға орнына келген тергеушілерге өзін жаман сезінгенін айтқан.

Полицейлер екі зардап шегушінің ауыр халде жатқанын хабарлады. France Bleu

радиостансасының мәліметінше, құтқарушылар екі жарақаттанушыны Лаваль қаласындағы госпитальге жеткізген.



关键词: Әлем, Оқиға,
回到顶部