今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Есіл өзеніне құлап кеткен ана мен баланы құтқарған астана тұрғыны марапатталды

29 七月 2021 18:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Базарбаев әйел мен баланы құтқарған батырды алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 27 шілдеде Триатлон парк ауданында болған.

Елордалық құтқарушылар Есіл өзенін патрульдеу барысында көп адамның жиналғанын байқап, дереу оқиға орнына жүзіп келген.

Сол жерде куәгер суға батып бара жатқан әйел мен баланы құтқарғаны белгілі болды.

Кейін анықталғандай, әйел балаларымен бірге серуендеп жүрген және бір кезде ұлдарының бірі суға құлап кеткенін көрген.

Ол баласын құтқаруға тырысып, суға қолын созды, бірақ тайып кетіп, суға құлады.

Осы сәтте жақын жерде жүрген Бижұма Нұрақаев балалардың көмекке шақырған айқайын естіп, ойланбастан тез арада жүгіріп келіп, құтқару шараларын қолға алды.

«Бақытымызға орай, ерліктің, батырлықтың, батылдықтың арқасында біздің батырымыз судан әйелді баласымен бірге құтқара алды» деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.


回到顶部