今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еңбек дауы тіркелген 363 кәсіпорынның 333-інде мәселе толық шешілді – Ербол Нұрғалиев

22 十月 2021 13:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев кәсіпорындардағы еңбек даулары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәсіпорындарда болған 23 еңбек дауын біз түгелдей талдап шықтық. Жұмысшылар көтерген мәселенің 80 пайызы айлықты өсіру туралы. Бұл жерде бір мекемеде істейтін қызметкерлердің жалақысында айырмашылық бар. Соған байланысты жалақыларды теңестіру бойынша жұмысты бастадық. Энергетика министрлігі сияқты тиісті ведомстволарға саладағы жалақыны біріздендіру туралы тапсырма берілді. Көбінесе мұндай шиеленістер мұнай-газ секторында болып жатыр. Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Комитет төрағасының айтуына қарағанда, Маңғыстау облысындағы кәсіпорындарда еңбек даулары шешіле бастады.

«Еңбек даулары туған мекемелердің бәрін бақылауға алып отырамыз. Бүгінде 363 мекемені бақылауға алдық. Оның 333-інде мәселе шешілді. Тек 30 мекемеде мәселе шешілмей тұр. Онымен жергілікті әкімдіктер айналысып жатыр. Біз де қадағалап отырмыз.

Маңғыстау мен Атырау облыстарындағы ірі кәсіпорындармен жұмыс орындарын сақтау туралы меморандумдар жасалады. Ол меморандумның орындалуын жіті бақылап отырамыз», - деді Ербол Нұрғалиев.


回到顶部