今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордалық полицейлер бір тәулікте 86 қылмысты ашты

19 十月 2021 16:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық полицейлер бір тәулік ішінде 86 қылмысты ізін суытпай ашты. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің ресми өкілі Данияр Оралов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен аптада 115 қылмыс жасалды. Оның 86-сын полицейлер тәулік ішінде ашты. Полиция денсаулыққа ауыр зиян келтіруге байланысты үш қылмысты, 9 алаяқтық фактісін, екі тонауды, бір автокөлік ұрлауды, 25 бөтеннің мүлкін ұрлауды және есірткіге қатысты 13 қылмысты ашты», - деді ресми өкіл.

Сонымен бірге, өткен аптада елордада 594 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бір адам қаза тауып, 10 адам ауыр дене жарақатын алған.

Полиция департаменті жүргізушілерді жолда сергек болуға шақыруда.

Ал ақпан айында іске қосылған «102» мобильді қосымшасы арқылы полиция операторлары мыңнан астам өтінішті қабылдады.

回到顶部