今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада жезөкшелер притонын ұйымдастырған әйел ұсталды

2 十二月 2021 15:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада адам саудасына қатысты қылмыстардың алдын алу, анықтау және ашуға бағытталған «STOP трафик» жедел-алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара басталғанан бері полицейлер 46 адамды анықтап, арнайы есеп алды. Жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық жасау үшін бөлмелерді жалға берген 4 тұрғынға айыппұл салынды, тағы 29 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Полиция қызметкерлері жеңгетайлықпен айналысқан 40 жастағы әйелді ұстады. Ол массаж салоны ретінде ашқан бөлмелерінде жезөкшелікпен айналысатын притон ұйымдастырған. Әйел пайда табу үшін онда келушілерді интим қызметін көрсететін қыздармен жолықтырып отырған. Осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қаладағы саунаның 23 жастағы әкімшісі де ұсталды. Тексеру барысында ақша мен айғақ дәлелдер анықталған», - деді полиция департаментінен.

Қазіргі кезде ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері арнайы шара кезінде жеңгетайлық жасау және притон ұйымдастыруға қатысты 10 фактіні анықтады.


回到顶部