今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада жасөспірім қыз бір аптадан бері табылмай жатыр

23 五月 2022 17:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада осыдан бір апта бұрын үйінен шығып кеткен 17 жастағы қыз табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерге тараған бұл хабарды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті растап, қыз баланы іздестіру әлі жүріп жатқанын мәлім етті.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, 2005 жылы туған жасөспірім 16 мамыр күні үйінен футбол ойнауға шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Үстіне қара футболка, қара трико, аяғына сұр кроссовка киген.

Қыз бала жайында дерек білетін азаматтар астана еріктілерінің Instagram-парақшасында жарияланған +77759126620, +77014926249 ұялы телефон нөмірлеріне немесе 102-ге қоңырау соға алады.





回到顶部