今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада «Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы» ашылды

5 六月 2021 16:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Президенттік саябақта «Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Қазақстандағы Елшілігіне сілтеме жасап.

«Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай, ел ордасы Нұр-Сұлтанның ең беделді саябағы саналатын Президенттік саябақта «Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясының» ашылуы өтті. Есіл өзенінің жағалауында ашылған және ҚР Президенті резиденциясы - Ақордаға қарама-қарсы орналасқан аллеяға екі бауырлас елдің әр жылын бейнелейтін 30 тал отырғызылды. Түркия Елшісі Уфук Экиджи мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің қатысуымен өткен ашылу салтанатына Халықаралық түркі академиясы президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Елшісі Рашад Мамедов, ҚР СІМ департамент директоры Оңталап Оңалбаев және Нұр-Сұлтандағы түрік қауымдастығы өкілдері қатысты», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аллеяның ашылуы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді.

Елшіліктің мәлімдеуінше, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел Түркия болды. Екі бауырлас ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 2 наурызда орнатылды.


























回到顶部