今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада тәжік ақыны Әбу Абдалла Рудакиге ескерткіш орнатылды

24 九月 2021 14:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан Оли Мажлисі Милли Мажлисінің төрағасы Рустами Эмомали ақын, тәжік және парсы классикалық әдебиетінің негізін қалаушы Әбу Абдаллах Рудакидің ескерткішін ашу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Мәулен Әшімбаев бұл шара Қазақстан астанасының мәдени өміріндегі маңызды оқиға болып отырғанын және Қазақстан-тәжік ынтымақтастығының даму тарихына енетінін атап өтті.

«Қазақстанда ұлы ақын Әбу Абдалла Рудакидің шығармашылық мұрасын жоғары бағалайды. Оның поэзиясы әлемдік мәдениеттің қазынасына енді. Омар Хайям, Низами, Фирдоуси, Джәми және Руми сияқты Шығыстың көрнекті ақындары мен жазушылары Рудакидің шығармашылығыннан өсіп шықты. Бүгін біз оның аты берілген көшеде тәжік және парсы классикалық әдебиетінің негізін қалаушы Абу Абдаллах Рудакиге ескерткіш ашамыз. Душанбеде қазақтың ұлы ойшылы Абай атындағы көше бар екенін білеміз. Екіжақты қарым-қатынастарда мәдени-рухани байланыстар әрдайым берік көпір және іргетас болып қала береді. Көрнекті тұлғаларымыздың естеліктерін құрметтеу бізді қуантады», - деді Сенат Төрағасы.

Сенат баспасөз қызметінің мәліметінше, осы күні екі ел парламенттері палаталарының төрағалары Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасының жаңа Елшілігінің құрылыс орнына алғашқы тас қалаудың салтанатты рәсіміне қатысты.





回到顶部