今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада шомылу маусымы басталмай жатып 3 адам суға кеткен

18 六月 2021 11:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астананың аумағындағы су айдындарында шомылу маусымы басталмай жатып 3 адам қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Есен Байыров шомылу маусымы басталмай жатып, суға батқандар бар екенін айтады.

«2020 жылдың өткен шомылу кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының су айдындарында 5 адам қаза тапты. Биыл шомылу кезеңі басталғанға дейін елорданың су айдындарында қайғылы оқиғалар тіркелді. Онда 3 адам, ішінде бір бала жан тапсырды. Алғашқы қайғылы оқиға 18 мамырда болды. Ер адам рұқсат етілмеген жерде суға түскен», - деді департамент басшысы әкімдіктің ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде.

Осыған байланысты қаланың жағлауларында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп отыр. Әсіресе демалыс және мереке күндері құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істемек.

Аталған шарада Есен Байыров шомылу орындарында қауіпсіздік шаралары қалай күшейтілетінін де айтқан болатын.

«Мереке және демалыс күндері қызметкерлер саны көбейтіліп отырады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына шомылу қауіпсіздігінің ережелерін үгіт-наисхат парақтарын тарату арқылы түсідіреміз. 19 әкімшілік хаттама жасалды. Әкімдікпен бірлесіп 140 тыйым салу белгісі орнатылды, 20 ақпараттық стенд орнатылды», - деді Есен Байыров.


回到顶部