今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада профилактикалық шара барысында 64 мигрант елден қуылды

16 六月 2021 19:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт – Елордада 7-16 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері жедел алдын алу шарасын жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция депаратментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала аумағында полиция жасақтары күшейтілді, заңсыз мигранттар мен ішкі істер органдарында уақытылы тіркелмеген тәртіп бұзушыларды анықтау мақсатында рейдтер жүргізіліп жатыр.

Көші-қон қызметі жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 1400-ге жуық шетелдікті жауапқа тартты. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды қабылдайтын ҚР 274 азаматты елде болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 53 жұмыс берушіге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, қызметкерлер елден шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды анықтайды және елден жібереді. Жедел алдын алу шарасы басталғалы бері шекаралас мемлекеттердің азаматтары болып табылатын 64 заңсыз мигрант елден мәжбүрлеп шығарылды.

Мәселен, бір күнде полицейлер Өзбекстанның екі азаматы мен Тәжікстанның бір азаматын елден мәжбүрлеп шығарып жіберді. Бұған дейін заңсыз мигранттарға қатысты ҚР аумағынан шығарып жіберу туралы сот қаулысы шығарылған болатын.

Полицейлер елден шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамау қылмыстық жазаланатын әрекет екенін және қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.


关键词: Нұр-Сұлтан, Заң,
回到顶部