今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада пластик бөтелке қабылдайтын тағы бір фандомат іске қосылды

8 十二月 2021 21:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қайта өңдеуге жіберілетін пластикалық бөтелкелерді қабылдайтын екінші фандомат пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«City Transportation Systems» компаниясының мәліметінше, елордадағы мұндай екінші аппарат «Гүлжан» сауда үйінде орнатылған. Сонымен қатар бөтелке ыдысты тапсыру бағасы 5 теңгеге дейін көтерілді. Жиналған соманы көлік картасының балансына аударуға немесе қайырымдылыққа жіберуге болады.

«Көлік картасын толтыру үшін Transcard.kz сайтында фандоматта алынған арнайы купонды іске қосу керек», - деп атап өтеді компаниядан.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 4 маусымында елордада «Керуен» сауда орталығында бөтелкелерді қайта өңдеуге қабылдайтын «Fandobox ecoplatform» автоматы іске қосылған еді.

Аппарат көлемі 0,5-тен 2 литрге дейінгі пластик бөтелкелерді, алюминий банкаларды штрих-кодымен қабылдайды. Олардың ішінде сұйықтық болмауы тиіс. Алдымен қолайлы бөтелкенің немесе банканың штрих-кодын көрсету керек. Бөтелке көрсетілген өлшемдерге сәйкес келсе, аппарат оны қабылдайды. Бірнеше бөтелке немесе банка тапсырғыңыз келсе де, оларды кезек-кезек салу керек.

Ал бөтелкені тапсыру арқылы елордадағы қоғамдық көлік картасына баланс толтыруға мүмкіндік беретін мұндай аппарат өткен айда «Астаналық» базарда («Артем» сауда үйі) орнатылған еді. Ол кезде бір бөтелке тапсырғаны үшін 3 теңге бонус берілетін.


回到顶部