今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада мыңнан аса оқушының қатысуымен домбыра сабағы өтті

24 五月 2022 19:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы мектептердің бірінде «Ең ауқымды домбыра сабағы» өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2021–2022 оқу жылы домбыра сабағымен аяқталып, оған 1032 оқушы қатысты. Домбыра сабағын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған өткізді. Оқушылар «Сарыарқа», «Балбырауын», «Еркем-ай», «Кеңес», «Жастар биі» сынды танымал күйлерді орындады.



回到顶部