今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Президенті: Мемлекет машина жасау саласындағы өзекті жобаларды әрқашан қолдайды

22 九月 2021 10:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елордадағы ЕХРО халықаралық көрме кешенінде Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі күнге жоспарланған шараның пленарлық отырысына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаетың құттықтау сөзін оқып берді.

«Сіздерді Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумының бастылуымен құтықтаймын. Форум бизнес пен мемлекет үшін саладағы өзекті проблемаларды шешетін практикалық диалог алаңына айналды. Падемияға қарамастан, отандық машина жасаушылар экономикалық көрсеткіштер бойынша көшбасшылардың бірі болып отыр. Саланың өсімі 24 пайызды құрады. Бұл өңдеу секторын дамытудағы елеулі үлес болып саналады. Индустрияландырудың 10 жылында алғаш рет машина жасау саласы экономиканың дамуына қосқан үлесі бойынша тау-кен өнеркәсібінен алға шықты», -деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтауында.

Президент өз құттықтауында Қазақстан машина жасаушылары алға қойылған міндетті абыроймен еңсеріп, шығарылатын бұйымдардың аталымын кеңейтіп жатқанын атап өтіпті.

«Жалпы алғанда, сала мамандары елдегі экономикалық өзгерістердің көш басында тұр. Мемлекет машина жасау саласындағы өзекті жобаларды әрқашан қолдап келген және қолдай береді. Жолдауда 2025 жылға қарай өңдеу экспортының көлемін 24 млрд долларға, еңбек өнімділігін 30 пайызға арттыру туралы тапсырма жүктелді. Ол үшін мемлекет өнркәсіп саясаты туралы заң қабылдап, отандық өндіріс кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету тетіктерін бектітеді.

Отандық агроөнеркәсіп және өнеркәсіп саясаты үйлестіріледі. Машина жасау Қазақстан экономикасының, жұмыспен қамту мен экспорттың локомотивіне айналатынына сенімдімін», - делінген құттықтау хатта.

Форум аясында панельдік пікірталастар мен түрлі форматтағы кездеулер өтеді деп жоспарланған.


回到顶部