今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада қала маңына қатынайтын жаңа бағдар іске қосылады

23 九月 2021 10:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Лесная поляна» елді мекені – Назарбаев Университеті» бағытында қала маңына қатынайтын жаңа маршрут іске қосылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты CTS баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 қыркүйектен бастап Қосшы қаласы тұрғындарының өтініші бойынша «Лесная поляна» елді мекені – Назарбаев Университеті» қатынасындағы №323 қала маңына қатынайтын жаңа маршрут іске қосылады.

Маршруттың қозғалысы «ЭКО-Маркет «Минимаркеті» аялдамасынан басталады, ары қарай Қарқаралы тасжолы – Қабанбай батыр даңғылының бойы, ал соңғы пункт – «Назарбаев Университеті».

Жаңа бағыттағы автобустар аптаның барлық күні қатынайтын болады, бұл Қосшы қаласының қоғамдық көлігінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Жолаушылар қоғамдық көлікте маска режимін сақтауды ұмытпауы керек. Автобусқа бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жолақысы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады.


回到顶部